×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Азамат Әмрин жаңа қызметке тағайындалды

Азамат Әмрин жаңа қызметке тағайындалды
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бірінші вице-министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУЛЫ

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, делінген хабарламада. 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ 

Әмрин еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады. 

1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2008-2011 жылдары СҚО Шал ақын ауданының әкімі.  

2011-2012 жылдары  «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері. 

2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.  

2015-2020 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

Ұлттық экономика вице-министрі болып 2020 жылдың 20 қазанында тағайындалған болатын.

СҰХБАТ

Айта кетейік, Азамат Әмрин Ұлысмедиа порталына сұхбат беріп, қосымша құн салығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап берген болатын.