Өзіміз күнделікті қолданатын WhatsApp қызметінде жаңа функция пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
Бізде жаңалық бар! Бұдан былай расшифровка арқылы енді сіз өзіңізге келген аудиохабарламаны оқи аласыз. Егер сіз аудиохабарламаны тыңдай алмайтын жерде отырсаңыз, онда аудиохабарламаның үстінен басып тұрып, “расшифровка" деген функцияны таңдаңыз, – деп хабарлады WhatsApp.
Бұл қызметті пайдалану үшін WhatsApp мобильді қосымшасын жаңарту керек.
Бұған дейін Meta Android KitKat немесе операциялық жүйенің бұрынғы нұсқаларында жұмыс істейтін ескі құрылғыларда WhatsApp мессенджеріне қолдау көрсетудің аяқталғанын хабарланған еді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 жылдан асқан смартфон түрлерінің иелері қосымшаны пайдалана алмайды.