×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

АҚШ-тан депортацияланған мигранттар ішінде Қазақстан азаматтары да бар

Бүгін, 11:21
АҚШ-тан депортацияланған мигранттар ішінде Қазақстан азаматтары да бар
Ашық дереккөздерден алынды

Коста-Рика үкіметі Вашингтонмен арадағы депортацияланған адамдарды уақытша орналастыру туралы келісім шеңберінде АҚШ-тан шығарылған мигранттардың алғашқы тобын қабылдады. Олардың ішінде қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

ABS CBN басылымы жазғандай, депортация – АҚШ президенті Дональд Трамптың заңсыз көші-қонға қарсы бағытталған шараларының бірі және ол көпұлтты репатриация (азаматтардың елге оралуы) мәселесінде ынтымақтасатын елдерге рейстердің көбеюін қамтиды.

Таяуда жер аударылған мигранттардың соңғы легі Сан-Диего қаласынан Коста-Рика астанасы Сан-Хосе қаласына ұшақпен жеткізілді. Ары қарай олар Панама шекарасына жақын орналасқан мигранттар қонысына автобуспен аттанды.

Мигранттарға Коста-Рикада бір ай тұруға рұқсат етіледі, осы уақыт ішінде шенеуніктер олардың өз еліне ерікті түрде оралуын үйлестіреді.

Адамдар тобы – барлық отбасы мүшелері Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзірбайжан, Иран, Иордания, Гана және Қазақстаннан  шыққан. Соңғы келісім бойынша АҚШ-тан жер аударылған 200-ге жуық мигрант Коста-Рикаға жіберіледі, деп хабарлады президент Родриго Чавес, - деп жазады портал.