«Қазгидрометтің» болжамынша, 23 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..
Абай облысы
Солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысы
Облыс аумағында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, түнде оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысы
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады
Атырау облысы
Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар да жауады. Өңірдің батыс, солтүстік және шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады.
Жамбыл облысы
Таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысы
Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде қарлы жаңбыр жаууы ықтимал, көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысы
Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысы
Батысында қар жауып, облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысы
Батысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысы
Батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Павлодар облысы
Солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-18 м/с-қа дейін жетеді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазгидромет» мамандары ел тұрғындарына жолға шыққанда немесе далада жүргенде абай болуды ескертеді.