Латвияның сыртқы істер министрі «Дарите женщинам цветы» және «Песни на кассете» хит әндерімен танымал қазақ әншісі Жандәурен Аблаевқа елге кіруге тыйым салды. Ол Даугавпилстегі концертте өнер көрсетуі керек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы министр Байба Браже X әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, 20 жастағы Абаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынды.
Заңның бұл бабында, егер құзыретті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе Латвияға кірген кезде құқық қорғау органдарының қылмысты ашу жөніндегі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауына негіз болса, шетелдікті «қара тізімге» енгізуге болады делінген.