Американың мемлекеттік қызметшілері бір апта ішінде атқарылған жұмысы туралы есеп беруге тиіс, әйтпесе қызметтен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің басшысы Илон Маск мәлімдеді.
Жауап болмаса, ол жұмыстан кету ретінде қарастырылады, – деп жазды Маск Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін CNN АҚШ-та 40 мыңға жуық мемлекеттік қызметші «кейінге қалдырылған жұмыстан босату» бағдарламасына қатысуға және өз еркімен жұмыстан кетуге келіскенін хабарлаған. Ақпарат құралы мұндай ұсыныс Трамп әкімшілігінен келгенін атап өтті. Ерікті түрде жұмыстан кеткен адамға 8 айлық жұмыстан шығу жәрдемақысы беріледі. Телеарнаның мәліметінше, бүгінде 2 миллионға жуық мемлекеттік қызметші ұсыныс аған.