×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Қазақстанда жұмыртқаны импорттауға қайтадан тыйым салғалы жатыр

Қазақстанда жұмыртқаны импорттауға қайтадан тыйым салғалы жатыр
Pixabay

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл келісім аясында құс өсірушілер одағы мен жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құс фабрикаларындағы көтерме бағаларды тұрақты деңгейде ұстап тұруға және өздерінің фирмалық дүкендерінде бағаны негізсіз көтермеуге міндеттеме алды.

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігі тауық жұмыртқасын елге әкелуге шектеу қою мәселесін қарастырады. Сонымен қатар, сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, заңсыз импортталған жұмыртқаның саудаға түсуіне жол бермеу үшін бақылау шараларын қолға алады және оны айналымнан шығаруды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автокөлікпен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салған болатын. Бұл шектеу алты айға созылып, отандық өндірушілерді көктем-жаз мезгілінде қолдау мақсатында енгізілді.