Астанада Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі аукционға шығарылғанымен өтпей қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Үйдің бастапқы бағасы: 1 883 338 958 теңге болды. Кепілдік жарнасы: 117 960 000 теңге болған. Алайда аукцион өткен сәтте бірде-бір адам үйді алуға ниет білдіріп, өтініш қалдырмаған.
ҮЙ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН
Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан, жертөлесі бар зәулім үй осыдан 15 күн бұрын аукционда сатылымға қойылған.
Аукционның негізгі көрсеткіштері мынадай болды:
Саудаға қалай қатысу үшін Е-Qazyna платформасында тіркеліп, сауда басталғанға дейін кепілдік жарнаны енгізіп, аукционға қатысып, ставка қойылуы керектігі жазылды.
СОТТАСУ
Бұған дейін екі елде іздеуде жүрген Мәсімовтің күйеубаласы бұрынғы әйелімен соттасып жатқанын жазған едік.
Бітпейтін соттар, іздеу және отбасындағы дау-дамай – қашқын кәсіпкер Азамат Қапеновтың өмірі қазір осылай өтіп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің күйеубаласы болған Қапенов 2022 жылы ықпалды қайынатасы қамауға алынғаннан кейін бірден із суытып кеткен. Содан бері ол Қазақстанда ғана емес, екінші азаматтығы бар Ресейде де іздестіріліп жатыр. Ulysmedia.kz Мәскеу соттарында Азамат Қапеновтың есімімен байланысты көп талап-арызды тауып алды. Ол Мәсімовтің қызы – Тамилла Кәріммен мүлікке байланысты соттасып жатқанын екі жыл болды. Қапеновтың туған анасы оны Мәскеу орталығындағы қымбат пәтерден қуып жіберген, ал Ресейдің құқық қорғау органдары кәсіпкерді алаяқтығы үшін халықаралық іздеуге жариялаған.