×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Алматы ауасы лас қала екен, сол фактор ойыныма әсер етті – әлемге әйгілі шахматшы

Бүгін, 12:24
Алматы ауасы лас қала екен, сол фактор ойыныма әсер етті – әлемге әйгілі шахматшы
ашық дереккөзден

Әлемге әйгілі норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен Алматы қаласын сынға алды. Ол Қазақстанның ең ірі қаласына келген кезде ауасы жақпай, ойынына әсер еткенін айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таяуда Карлсен америкалық актер Джо Роганның подкастының қонағы болған. Әңгіме барысында спортшы Алматы қаласына жасаған сапарын еске түсірген. Карлсен қалаға “қыста қала әжептәуір лас екен, онша жағымды емес" деп баға берген. Десе де, тауларын мақтаған.

Қала орталығынан небәрі жарты сағаттық жерде — нағыз Альпідей әсем таулар бар екен. Биіктігі үш жарым шақырымға дейін көтеріледі. Бұл – нағыз ғажап көрініс! Бар-жоғы бір сағат ішінде тау шыңына шығып, тамаша шаңғы демалысын өткізуге болады, — дейді чемпион.

Карлсеннің айтуынша, Алматының ластанған ауасы тіпті ойынына да ықпал еткен:

Қаланың ауа сапасының нашарлығы қатты әсер етті. Сондықтан өзімді жақсы сезіну үшін барымды салуға бел будым — маған таза ауа қажет болды, тезірек бұл жерден кеткім келді. Сондықтан тәуекелге бардым, — дейді ол.

Магнус Карлсен Алматыда 2022 жылдың соңында өткен рапидтен әлем чемпионатына қатысып, сегіз рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Төрт ойында тең түскен.

ЛАС ҚАЛАЛАР РЕЙТИҢІНДЕГІ АЛМАТЫ

Бұған дейін Алматы қаласы әлемдегі ауасы ең лас мегаполистердің тізімінде төртінші орында тұрғанын жазған едік. Рейтиңді нақты уақыт режимінде бүкіл әлем бойынша ауа сапасын бақылайтын швейцариялық IQAir компаниясы жасаған. Бұл рейтинг жарияланған кезде тізімді Бішкек (Қырғызстан), одан кейін Киншаса (Конго ДР), үшінші орында Сараево қаласы (Босния және Герцеговина), одан кейін Алматы (Қазақстан) бастап тұр. IQAir мәліметтері бойынша, Алматыдағы ауаның ластану индексі 183 баллға жетеді, бұл «зиянды» деңгейге сәйкес келеді.

ДДҰ НОРМАСЫ

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ауаның ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары болып шыққанын хабарлаған едік. Бұл туралы Almaty Air Initiative қоры жүргізген зерттеу нәтижесінде айтылған. 

Almaty Air Initiative қоры қаладағы ауа сапасына талдау жасады. Зерттеу жұмысында Алматыдағы ауаның ластануына қатысты негізгі деректер, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстыру жұмыстары жүргізілген.