×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Парламенттен әкімдікке: депутат Берденов Шымкентке кетті

Парламенттен әкімдікке: депутат Берденов Шымкентке кетті
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Руслан Арысбекұлы Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz дереккөзі мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің парламенттен кететінін растаған болатын. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол жуық арада өзінің туған жері –  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалатынын да хабарлаған едік. Берденовтің кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдаған.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласының әкімі қызметін Ғабит Сыздықбеков атқарып жүр.

Берденов мәжілісте депутат болып отырғанына 2 жылға жуықтады.  Заң бойынша депутаттар 5 жылға сайланады.

БЕРДЕНОВ ТУРАЛЫ

Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Еңбек жолын 2005 жылы "Алматы құс" ААҚ ("Сеймар" тобы) компаниясының бөлшек сауда директоры қызметінен бастады.

2007 жылғы ақпан-2010 жылғы шілде-Procter & Gamble компаниясының бас логистикалық үйлестірушісі.

2010 жылғы шілде-2012 жылғы қараша – "Eastcomtrans" ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы.

2012 жылғы қараша-2018 жылғы мамыр – "Ақ ниет" ЖШС Бас директоры.

2018 жылғы қараша-2019 жылғы сәуір – "Ақ ниет" ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі.

2019 жылғы сәуір-2023 жылғы наурыз-Aq niet Group Байқау кеңесі төрағасының орынбасары.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап – "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты "Respublica" партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.