Солтүстік Қазақстан облысында 8 жастағы қызын зорлаған 29 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ҮКІМІ
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар, сотталғаннан баланың анасына үш миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы өндіріледі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін алматылық жасөспірім бірнеше жылдан бері туыс ағасынан бірнеше жылдан бері зорлық көріп жүргенін мәлімдеген болатын.
Бұл туралы адвокат Айман Умарова айтты. Оның сөзінше, 14 жастағы бала 11 жасынан бері зорлық көріп жүрген.
Баланың өз әкесі қайтыс болған. Кейіннен баланы әкесінің ағасы анасы үш баланы асырай алмайды деп тартып алып, асырап алған. Бала 11-ге толғанда ер адам оны зорлай бастаған. Адвокаттың сөзінше, бұл үш жылға созылған.
Жасөспірім әпкесімен бірге полицияға арыз жазған, алайда бастапқыда оның арызын ешкім қабылдамапты. Артынша ақыры тергеу басталған, бірақ заң бұзушылықтар болған: баладан психолог және адвокатсыз жауап алынып, тергеушілер мен туыстары жәбірленуші бала бұл оқиғаны ойынан шығарып алған деп қысым көрсеткен.