×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

Халал шегірткемен күрес: 53 дрон сатып алынды

Бүгін, 19:25
Халал шегірткемен күрес: 53 дрон сатып алынды
Ашық дереккөзден

Олар шегіртке дернәсілдеріне мониторинг жасауға және ауылшаруашылық жерлерін өңдеуге арналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШЕРГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 53 ДРОН САТЫП АЛЫНДЫ

Қазақстанда шегіртке зиянкестерімен күресу үшін 53 дрон сатып алынған.

ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше Түркістан облысында дрондарды қолдану бойынша пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсеткен. Сондықтан агродрондарды "ҚазАгроФинанс" АҚ арқылы ауылшаруашылық техникасын сатып алуға 5% жеңілдетілген лизинг бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ДРОНДАРДЫ САТЫП АЛУ

Үкімет қоры есебінен 53 дрон сатып алынды, оның ішінде жеті дрон шегіртке дернәсілдеріне  мониторинг жасау үшін, ал қалған 46 дрон өңдеу үшін арналған.

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАТЫСТЫ БОЛЖАМ

Биыл мамандар 2,1 млн га аумақта шегіртке таралуын болжайды. 5000 адам 38 млн га жерді тексереді. Бүріккіш техника саны 443-ке дейін артады. Жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру үшін барлық облыстарда жедел штабтар құрылады.

ЕСКЕ САЛАЙЫҚ

Былтыр сол кездегі премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткенің “халал өнім” деп азаматтардың күлкісіне қалған еді. 

Шегіртке әрқашан бізбен бірге болды. Динозаврлар мен мамонттардың құрдасы. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, күресе береміз. Кейбір елдер оларды өндіруді және олардан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренді. Әрине, бұл бізге келмейтін шығар. Бірақ, шын мәнінде, бұл халал өнім,”- деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Кейін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Шариғат және пәтуә бөлімнің маманы Елбек Тасболатұлы шариғат бойынша шегірткенің адал екенін айтты.