×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Шегіртке халал ма, харам ба? ҚМДБ жауабы

06.06.2024, 21:00
Әлеуметтік желіден

Күні кеше мәжіліс кулуарында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мырза шегірткенің шындығында халал өнім екенін айтқан. Factcheck.kz журналистері бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жақын екенін тексеріп көрген, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әңгіме тілшілердің Жұманғарин мырзаға шегірткелер туралы сұрағынан басталған. Премьер-министрдің орынбасарынан зиянкестермен күрес қалай жүріп жатырғанын білмек болған. 

“Шегіртке әрқашан бізбен бірге болды. Динозаврлар мен мамонттардың құрдасы. Біз онымен әрдайым күресіп келеміз, күресе береміз. Кейбір елдер оларды өндіруді және олардан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренді. Әрине, бұл бізге келмейтін шығар. Бірақ, шын мәнінде, бұл халал өнім,”- деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Шариғат және пәтуә бөлімнің маманы Елбек Тасболатұлы шариғат бойынша шегірткенің адал екенін айтады.

“ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында пайғамбардың хадисі бойынша екі өлексе адал етілді, соның бірі — шегіртке. Оны жеуге болады. Алайда, адал деген сөз жей беруге болады деген сөзді шығармайды. Яғни оны жеу міндеттелмейді, әр өңірдің табиғаты мен мәдениетіне байланысты жеп/жемеу әркімнің өз еркінде,”- дейді дін қызметкері.

Жоғарыда айтылған хадисті пайғамбардың сахабаларының бірі Абдуллах ибн Омар жеткізген. Аталған хадисті ҚМДБ-ның ресми сайтынан және ҚМДБ-ға тиесілі “Халал даму” стандарттау және сертификаттау орталығының сайтынан табуға болады.

Бұған дейін

Атырау облысында биыл шегіртке күрт көбеюі мүмкін. Себебі зиянкестердің ошағы былтырмен салыстырғанда үш есе артқанын жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары