×
516.91
586.33
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.91
586.33
6.3

Жыл басынан бері 1 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алған

24.02.2025, 23:45
Жыл басынан бері 1 мыңнан астам азамат қандас мәртебесін алған
Ашық дереккөзден

Жыл басынан бері 1 мыңнан астам азамат отанына оралып қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАСТАР ҚАЙ ЕЛДЕН КЕЛДІ?

Қандастардың 51,9%-ы Қытай Халық Республикасынан, 37,5%-ы Өзбекстаннан, 7,1%-ы Түрікменстаннан, 1,8%-ы Ресейден және 1,7%-ы басқа елдерден келген.

ҚАНДАСТАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ

"Еңбекке жарамды жастағы қандастардың ішінде 16,7%-ы жоғары білімді, 32,9%-ы орта арнайы білімді, 48,4%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ы білім алмаған", - деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТЫП ОРАЛҒАН ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАР САНЫ

1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 149 мыңнан астам этникалық қазақ оралды.

Серіктес жаңалықтары