24 ақпанда Петропавлдағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта сегіз жасар қызын зорлаған 29 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты., деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ПРОЦЕСІ
Сот жабық режимде өткен және оның ресми мән-жайы айтылмады. Судья үкімді оқыған кезде де жәбірленуші туралы бірде-бір ақпарат бермеді. Инсайдерлік ақпарат бойынша, күдікті сегіз жасар қызын зорлап, видеоға түсірген.
- Сот Әділхан Қайратұлы Сәкеновті кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, деді қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Ерлан Нұршәріп.
КҮДІКТІ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Сот үкімі оқылып жатқан кезде күдікті өзін сабырлы ұстап, ешқандай эмоция білдірмеген. Оның туыстары да өзін байсалды ұстап тұрған. Айыпталушы ресми үйленбеген, жоғары білімі бар, “СПК “Солтүстік” АҚ-да жұмыс істейтін.
Күдікті Әділхан Сәкеновтің әкесі өңірде белгілі адам болып шыққан. Қайрат Пшенбаев бірнеше рет аудан әкімі болған, қазір “Ауыл” ХДП бөлімшесін басқарады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, сегіз жасар қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталғанын 24 ақпанда хабарлаған едік.