×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Атамқұлов құрылыс жайлы: Бақылау әлсіз, мердігерлер жұмысына немқұрайлы қарайды

28.12.2021, 08:43
Фото: Ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов құрылыс саласына мемлекеттік бақылауды күшейту үшін шұғыл шараларды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағым түспесе тексеруге бара алмайды. Ал құрылыс кезеңінде шағымның түсу ықтималдығы төмен. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Бақылаудың әлсіздігінен құрылыс салушыларда  немқұрайдылық байқалады. Және объектілер  кемшіліктерімен қабылданады», - деді министр үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленгенін мәлім етті:

  • Аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;
  • Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
  • Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.
Серіктес жаңалықтары