×
$
448.61
€
503.83
₽
5.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.61
€
503.83
₽
5.48

Путин Ресей үкіметіндегі бірқатар маңызды шенеунікті ауыстырды

Бүгін, 15:20
Путин Ресей үкіметіндегі бірқатар маңызды шенеунікті ауыстырды

Ресей президенті Владимир Путин үкіметте ауқымды кадрлық өзгерістер жасады. Жаңа тағайындаулар қаржы саласын, көлік секторын және Ресейдің Қиыр Шығысындағы басшылық құрамын қамтыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кім қандай қызметке тағайындалды?

Маңызды тағайындаулардың бірі – Антон Силуановтың қызметтік өсуі. Ол Ресейдің қаржы министрі қызметін сақтап, сонымен қатар үкімет төрағасының орынбасары болды. Силуанов Ресейдің Қаржы министрлігін 2011 жылдан бері басқарып келеді.

Көлік саласындағы басшылық құрам да өзгерді. Андрей Никитин көлік саласына жетекшілік ететін вице-премьер болып тағайындалды. Ал Көлік министрлігін бұған дейін Росавиацияны басқарған Дмитрий Ядров басқарады.

Ресейдің Қиыр Шығысын дамытуға көп жылын арнаған Юрий Трутнев президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол вице-премьер әрі президенттің Қиыр Шығыс федералдық округіндегі өкілетті өкілі болған.

Оның бұрынғы міндеттері Олег Кожемякоға жүктелді. Ол үкімет төрағасының орынбасары және президенттің Қиыр Шығыстағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Бұған дейін Кожемяко Приморье өлкесін басқарған.

Үкімет аппаратының басшылығы да өзгерді

Ресей үкіметі аппаратының басшылығы да жаңарды. Вице-премьер әрі үкімет аппаратының жетекшісі қызметіне бұрын Қаржы министрінің бірінші орынбасары болған Ирина Окладникова тағайындалды. Ол бұл қызметте Владимир Путин лауазымынан босатқан Дмитрий Григоренконың орнына келді.

Кадрлық өзгерістер бірнеше күн бойы дайындалған. 19 қазанда премьер-министр Михаил Мишустин Путинге жаңа тағайындаулар жөнінде ұсыныс енгізді. 21 қазанда Мемлекеттік дума кандидатураларды мақұлдады. Ал 22 қазанда президент тиісті жарлықтарға қол қойды.

Бұл өзгерістер Ресей бюджетіне түсіп отырған қысым мен Украинадағы жалғасып жатқан соғыс жағдайында жүзеге асты.