×
519.51
611.83
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.51
611.83
6.6

Халық табысының азаймауын қамтамасыз еттік – Мамин

28.12.2021, 08:55
Халық табысының азаймауын қамтамасыз еттік – Мамин
Фото: Ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Асқар Мамин биылғы жылдың соңғы отырысын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алдағы уақытта пандемия жағдайында жұмысты жалғастыру қажет. Жалпы қабылданған шаралардың арқасында пандемияның сын-қатерлерін еңсердік. Шектеулер жағдайында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жағдайы сақтау, жұмыссыздыққа көп мөлшерде жол бермеу, халық табысының азаймауын қамтамасыз ете алдық», - деді Асқар Мамин бүгінгі отырыста.

Сөз соңында премьер-министр әріптестерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Құрметті әріптестер, сіздерге еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Келе жатқан мерекемен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға үлкен жетістік тілеймін», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары