×
502.89
527.03
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.89
527.03
5.71

"Қазақстан" шахтасындағы бес кеншінің өлімі: сот үкімі шықты

"Қазақстан" шахтасындағы бес кеншінің өлімі: сот үкімі шықты
Ашық дереккөзден

Қарағанды облысында "Қазақстан" шахтасында қаза тапқан бес кеншінің өліміне байланысты төрт айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ПРОЦЕСІ

Іс бойынша айыпталушылар «Қазақстан» кенішінің төрт жұмысшысы, оның ішінде директордың өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы және конвейер көлігі учаскесінің бастығы бар.

Сот олардың жұмыс барысында көмір бағанасында өрт шығуына әкеп соқтырған бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.

СОТ ҮКІМІ

Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, былтыр 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.