×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

“Қазақстан” шахтасындағы апат кезінде зардап шеккендер саны өсті

18.08.2023, 08:59
gov.kz

“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасындағы апат кезінде зардап шеккендер саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі мәлімет бойынша, ауруханада жатқан екі шахтер жан сақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылған.

«Осы 17 тамызында «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары ауырлау. Пациенттер саналы. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - делінген хабарламада.

Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.

Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт зардап шеккен адам келіп түсті, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты (амбулаториялық емдеуге жіберілді). Қалғандарының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылды. Шахтада барлығы 227 адам болған.

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 8-ге жетті.

Апат орнынан екі жұмысшының мәйіті табылды

Серіктес жаңалықтары