×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Ербаян Мұхтардың ісінде күдікті жоқ: қорғаушысы мәлімдеме жасады

Ербаян Мұхтардың ісінде күдікті жоқ: қорғаушысы мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

25 ақпанда тергеушілер Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкімді күдікті деп танымағанын мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдемеге қатысты Ербаянның қорғаушылары мен ата-анасы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОРҒАУШЫ НЕ ДЕЙДІ

Ербаянның қорғаушысы Инга Иманбайдың сөзінше, олар ешкім күдікті деп танылмағанын бір ай бұрын жариялаған. 

– Оның ішінде, әлі күнге дейін ешкім күдікті ретінде танылмағаны және процессуалдық шешімдер қабылданбағаны туралы ақпарат бар. Істе тексеруге алынған тұлғалар бар, оның ішінде қорғау құқығына ие куәгерлер – олар күдікті мәртебесіне бір қадам қалды деген сөз. Бірақ тергеу органдары ооарға қатысты шешім қабылдауға асығар емес.

Инга Иманбай бұл істі тергеу ақиқатты анықтау үшін емес, қоғамның назарын ескере отырып қана жүргізіп жатқандай әсер қалыптасқанын айтады.

- Істі жабуға бұған дейін де талпыныс болған – тек Ербаянның ата-анасы маған жүгінгеннен кейін ғана тергеу қайта жандандырылған. Сондықтан, тергеудің жалғасуы тек қоғамдық резонанс пен сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мүмкін болды. Қазіргі таңда біздің ойымызша, тергеушілер Ербаянның есін жиып, өзі бірдеңе айтқанын күтіп отыр. Бірақ біз істің әділ қаралуы үшін күресеміз – ашық сот процесін өткізуге және барлық кінәлілерді, соның ішінде жауапты офицерлердің жазалануы үшін аянбаймыз.

ҚОЛДАУ

Инга Иманбай бұл істе халықтың қолдауы маңызды екенін атап өтті. 

- Бұл істің жабылмауы және шындықтың ашылуы тек қоғамның назарында ұстау арқылы мүмкін болады. Сол себепті, бұл іске бей-жай қарамай, қолдау көрсеткен әрбір жанға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, біз Ербаянның тезірек сауығып кетуін тілейміз. Ол емдеудің бірінші кезеңінен өтті және жақын арада оңалту процесін бастайды. Осыған байланысты, оның еміне қаражат жинау әлі де жалғасуда, делінген жазбада. 

КҮДІКТІ ЖОҚ

Еске салайық, бас әскери прокурордың орынбасары Максат Қазиев Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күнге дейін ешкім күдікті деп танылмағанын айтқан болатын. Оның айтуынша, қазір кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар мен тергеу нәтижелерін алғаннан кейін шешім қабылданады. Іс Бас прокуратураның және бас әскери прокурордың ерекше бақылауына алынған.