×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz” қоры жабылады

Перизат Қайраттың “Biz Birgemiz” қоры жабылады
Ulysmedia.kz коллажы

Әділет министрлігі Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры таратылатынын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОР ҚАШАН ТІРКЕЛГЕН

Министрліктің мәліметінше, Перизат Қайрат басқарған «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры 2021 жылдың 11 қазанында тіркелген. 

Осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қордың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз түсткен. 

Талап қоюға қаржы мониторингі агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін құру кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға байланысты оның тіркеуінің күшін жою рәсімін бастау туралы хаты негіз болған. 

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫҢ ІСІ

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растады.

Сондай-ақ Ulysmedia.kz ресми ашық дереккөздер арқылы Перизат Қайрат басқарған Biz Birgemiz қоры жайлы мәліметтерге үңіліп көріп, қордың бірнеше құрылтайшысы барын анықтады.

Перизатпен бірге «Amanat» партиясының да аты қатар аталып, ел ішінде түсініспеушіліктер пайда болды. Осыған байланысты «Amanat» партиясының басшылығы өздерін «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы саналмайтынын мәлімдеді.

22 МЛН

Жақында Перизат Қайрат тағы 22 млн теңге жинап алғаны белгілі болды. Қылмыстық іс 218-бап бойынша қаралып жатыр. Тағы бірнеше эпизод бар. Бұған дейін Палестинадағы жағдайға қатысты және су тасқынына қайырымдылыққа жинаған ақшалары туралы айтылған. Жақында анықталған жаңа эпизод бойынша Перизат Қайрат мүгедек жандарға реабилитациялық орталық ашамын деп аукцион ұйымдастырып, тағы 22 миллион теңге жинап алған.