×
498.69
522.23
5.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.69
522.23
5.79

Әскери борышын өтеуден қашқан маңғыстаулық жігіт сотталды

Әскери борышын өтеуден қашқан маңғыстаулық жігіт сотталды
Ulysmedia.kz коллажы, көрнекі сурет

Әскери борышын өтеуден жалтарған маңғыстаулық алты ай мерзімге бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

СОТ ІСІ

Түпқараған аудандық сотында маңғыстаулыққа қатысты әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару жөніндегі (ҚК-нің 387-бабының 1-бөлігінде) қылмыстық іс қаралды.

СОТТА АНЫҚТАЛҒАНЫ

Маңғыстаулық жігіт 25 желтоқсан 2023 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан әскери-техникалық мектепке әскери-техникалық мамандықтар бойынша өтеусіз негізінде оқуға түсіп, жүргізуші куәлігін алып, оқыту аяқталғаннан кейін әскери қызметке шақырылатынын біле тұра, қасақана Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына барудан жалтарған.

ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 9 ай бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі заң бойынша жаза тағайындауды және мемлекетке келтірген шығынды өндіруді сұрады. Қорғаушы жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы жігіт кінәсін толық мойындап,жасаған іс-əрекетіне өкінетінін айтып, соттан жеңіл жаза түрін қолдануды сұрады.

СОТ ҮКІМІ

ҚК-нің 387-бабы 1-бөлігінің санкциясында бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сот сотталушының кінәсін мойындауын,өкінуін, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығын қылмыстық жауапкершілікпен жазасын жіңілдететін мәң жайлар деп таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Әскерден жалтарған маңғыстаулыққа ҚК-нің 387-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Іс бойынша талап қою толық қанағаттандырылып, сотталушы азаматтық жауапкерден мемлекет пайдасына 558 765 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне еңген жоқ.