×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Алматы облысында сұмдық жол апатынан төрт адам қаза тапты

Алматы облысында сұмдық жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: ПД

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

26 ақпанда «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында болған жол апаты оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.