×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Украинадағы соғыс: Трамп Путин кейбір шартқа көнуге мәжбүр болатынын мәлімдеді

Бүгін, 09:00
Украинадағы соғыс: Трамп Путин кейбір шартқа көнуге мәжбүр болатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Ресей басшысы Владимир Путин Украинадағы соғысты аяқтау келіссөздерінде шегінуге мәжбүр болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Америкалық БАҚ-тың мәліметінше, бұл мәлімдеме министрлер кабинетінің бірінші отырысы кезінде сәрсенбі күні айтылған.

Үкімет мүшелерінің алдында сөз сөйлегенде, Трамп Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізу өте күрделі міндет болатынын мойындады. Оның пікірінше, соғысқа себеп болған негізгі факторлардың бірі – Украинаның НАТО-ға қосылу перспективасы болуы мүмкін.

«Мүмкін, бұның бәрі Украинасының НАТО-ға мүшелік мәселесін талқылаудан басталды», — деді американдық көшбасшы.

Өз сөзі барысында Трамп сондай-ақ, Украина президенті Владимир Зеленский 28 ақпанда Ақ үйге келіп, АҚШ-тың Украина табиғи ресурстарын пайдалану құқығын алатын келісімге қол қоятынын хабарлады.

Оған дейін америкалық және украиналық БАҚ-та, Киев пен Вашингтонның Украина табиғи ресурстарын игеруге қатысты келісім шарттарын келісіп алғаны туралы ақпарат пайда болған. Болжам бойынша, арнайы қор АҚШ-тың бақылауына өтеді, оған табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде түскен кірістер түседі. Алайда, келісімнің жаңартылған нұсқасында АҚШ-тың қорды 100 пайыз бақылауына қатысты тармақ жойылған. Әзірге, осы мәселе бойынша украиналық тараптың ресми пікірлері жарияланбаған.