×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялады

Сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялады
Ulysmedia.kz коллажы

Сегіз қазақстандық блогер 1,2 млрд теңге табысын өз еркімен декларациялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАҚЫЛАУ

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, камералдық бақылау жүргізілген. Оның мақсаты – салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесінде салық органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше түзету құқығын беру. Бұл салық органдарында тіркеу есебіне қою және 96-бапқа сәйкес салық есебін тапсыру және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Осы мақсатта комитет жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерін толық орындауын тұрақты негізде бақылап отыратынын атап өтті. Блогерлердің салықтық міндеттемелерді орындауы басқа азаматтар мен кәсіпкерлер сияқты жалпы негізде жүзеге асырылады.

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

Камералдық бақылау өз бетінше салық салынатын кіріс алатын барлық тұлғаға бірдей дәрежеде жүргізіледі. 2025 жылы камералдық бақылау нәтижесінде 80 000 жеке тұлғаға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге хабарлама жолданған. 

БЛОГЕРЛЕР

Хабарлама алған жеке тұлғалардың қатарында блогерлер де бар. Олар хабарламаны алғаннан кейін әлеуметтік желілерде белсенділік танытты. Осыған байланысты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, 80 000 жеке тұлғаның ішіндегі 594-і блогер екені анықталған. 

Қазіргі уақытта 8 блогер өз кірістерін 1 165,1 млн теңге (1,2 миллиард) сомасында өз бетінше декларациялады және 70,6 млн теңге көлемінде салық төледі.

КӨРСЕТІЛГЕН СОМА САЛЫҚ ҚАРЫЗЫ МА

Айта кетейік, камералдық бақылау хабарламаларында көрсетілген сомалар салық қарысы болып саналмайды. Бұл тек әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларында көрсетілген деректермен салыстыру арқылы жүргізілген камералдық бақылау барысында анықталған қаржы.

Сондай-ақ, камералдық бақылау нәтижелері салықтық құпия болып саналады.

Комитет әлеуметтік желілерде жарияланған блогерлер тізіміне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

Осыған байланысты, камералдық бақылау жүргізу барысында салық органдары блогерлерді, әлеуметтік желі қолданушыларын, сондай-ақ актерлерді, әншілерді және басқа да танымал тұлғаларды жеке санат ретінде бөліп қарастырмайды. Камералдық бақылау барлық тұлғаға бірдей жүргізіледі.