×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Ресей Украинадан тартып алған аумақтың ресурстарын АҚШ-қа ұсынды

Бүгін, 14:19
Ресей Украинадан тартып алған аумақтың ресурстарын АҚШ-қа ұсынды
Фото: Shealah Craighead/White House

Ресей аннексияланған аумақтың ресурстарын АҚШ-қа ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне келісім жасау мүмкіндігін ұсынып, оған сәйкес АҚШ-қа Ресей аннексиялаған Украина аумағындағы кейбір минералдық ресурстар, соның ішінде сирек кездесетін металдар берілуі мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы NBC News телеарнасы өз сайтына екі белгісіз америкалық шенеунікке және барлау деректерімен таныс тағы бір ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлаған.

Телеарна дереккөздерінің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің жоғары лауазымды көмекшілері Сауд Арабиясында Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесіп, осы идеяны талқылаған, деп жазады DW.

Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, әңгіме АҚШ-тың Донецк және Запорожье облысындағы кен орындарына қол жеткізуі туралы болған. Бұл аймақтарды Ресей өзіне қосылған "жаңа өңірлер" деп санайды. Ақпарат көздеріне сәйкес, америкалық тарап бұл ұсынысты қабылдамаған, бірақ оны біржола жоққа да шығармаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға пайдалы қазбалар жөніндегі келісімді бұзды деп айып таққан болатын.