×
501.28
526.19
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.28
526.19
5.86

Өскеменде әйел жаңа туған баласын қоқысқа тастап кеткен

Өскеменде әйел жаңа туған баласын қоқысқа тастап кеткен
фото: youscreen.ru

Өскемендегі қоқыс контейнерінен шақалақ өлі табылды. Баланы қоқысқа өз анасы тастап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙ

f16.kz сайтының мәліметінше, 44 жастағы әйел баласын жалдамалы пәтерде медициналық көмексіз босанған. Әйел адамның сөзінше, баласы өлі туған. Сондықтан шақалақты қоқысқа тастапты-мыс.  

Әйел адам жүктіліктің есебінде тұрмаған, медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін ауруханаға жеткізілген. 

- Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шарасы кезінде баланың анасы анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр, дейді полицейлер.