×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Зеленскийді “диктатор” деп атаған Трамп сөзінен тайқып кетті

Зеленскийді “диктатор” деп атаған Трамп сөзінен тайқып кетті
Ашық дереккөзден

Дональд Трамп журналистермен әңгімесінде бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийді "диктатор" деп атағанын мойындамай қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп ақ үйде Кир Стармермен кездескеннен кейін журналистер президенттен ол Зеленскийді әлі диктатор деп санай ма деп сұрады. 

- Мен солай дедім бе? Олай айтқаныма сенбеймін. Келесі сұрақ, деді Трамп әрі қарай жалғастырғысы келмей. 

БҰҰ НЕ ДЕДІ 

Біріккен Ұлттар ұйымы Украина президенті Владимир Зеленскийді заңсыз мемлекет басшысы деп санамайды, деп хабарлады БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик.

Президент Зеленский тиісті сайлаудан кейін өз қызметін атқарып жүр, – деді ол Нью-Йорктегі журналистерге АҚШ президенті Трамптың Зеленскийді "диктатор" деп атаған мәлімдемелеріне түсініктеме бере отырып.

ТРАМП НЕ ДЕДІ   

Сол күні Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде украиналық әріптесін сауалнамалардағы "өте төмен рейтиңге" қарамастан, мемлекет басшысының "сайлаудан бас тартқаны" үшін сынға алған жазба жариялады. Ол Зеленскийді америкалық ақшаны "жеңіске жету мүмкін емес және басталмайтын соғысқа" жұмсады деп айыптады.

Сайлаусыз диктатор Зеленскийге асыққан дұрыс, әйтпесе оның елі дерлік елі қалмайды, - деп жазды америкалық көшбасшы.

УКРАИНАДАҒЫ РЕАКЦИЯ  

Украина президенті Трамптың сөздеріне әлі түсініктеме берген жоқ. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига елдің өмір сүру құқығын қорғайтынын айтты.

Украина қазіргі Еуропа тарихындағы ең ауыр әскери шабуылға және үш жылдық жалпы соғысқа төтеп берді. Украин халқы мен оның президенті Владимир Зеленский Путиннің қысымына көнуден бас тартты. Украинаға ешкім беріл дей алмайды. Біз өмір сүруге деген қақымызды қорғаймыз, - деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.