АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасау үшін Вашингтонда кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТРАМП: УКРАИНА РЕСЕЙМЕН КЕЛІССӨЗДЕРДЕ КОМПРОМИСС ЖАСАУҒА ТИІС
Келіссөз барысында Трамп Украина президентіне Ресеймен келіссөздерде компромисс жасау қажеттігін айтып, АҚШ-пен келісім жасауды ұсынды. Ол Вашингтонның Мәскеумен бейбіт келісім шарттарын талқылай бастағанын мәлімдеді.
"Мен президент Путинмен сөйлестім, біз бұл мәселені сіздер мен оған да тиімді шешімге келтіруге тырысамыз. Біз келісімге келуіміз керек. Оның аясын анықтап қойдық, және менің ойымша, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады", – деді Трамп. Ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату қажет екенін атап өтті.
"КЕЛІССӨЗДЕРДІ ҚИЫНДАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР БАР"
Трамп келісімге келу қиын болатынын айтты.
"Сіз не келісім жасайсыз, не болмаса біз бұл процестен шығамыз, ал сіздерге соғысуды жалғастыруға тура келеді. Бірақ сіздердің қолдарыңызда айтарлықтай күшті карталар жоқ", – деді ол.
Трамп Зеленскийге АҚШ-тың көмегін бағалау керектігін ескертті.
"Сіздер алғыс білдірулеріңіз керек. Бірақ сіздер оны көрсетпейсіздер. Бұл жақсы емес", – деп мәлімдеді ол.
ТРАМП: "СІЗ ҚАУІПТІ ОЙЫН ОЙНАП ЖАТЫРСЫЗ"
Трамп Зеленскийге "үшінші дүниежүзілік соғыспен қауіпті ойын ойнап жатырсыз" деп ескерту жасады. Ол Украина "онша жақсы жағдайда емес" екенін айтып, Киевтің АҚШ-қа қалай әрекет ету керектігін нұсқай алмайтынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Вашингтонның соғысқа араласуына жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Ол АҚШ Украинаға қару-жарақ жіберуді қаламайтынын, керісінше соғыстың аяқталғанын қалайтынын жеткізді. Сонымен қатар, Трамп Украина мен АҚШ арасындағы сирек кездесетін металдар жөніндегі келісімнің әділ екенін айтты.
ЗЕЛЕНСКИЙ: "ЖАЙ ҒАНА ОТТЫ ТОҚТАТУ НӘТИЖЕ БЕРМЕЙДІ"
Зеленский Вашингтонның соғысты реттеу үшін не істей алатыны туралы талқылағысы келетінін білдірді. Ол "біз бірге бұл соғысты тоқтата аламыз" деген үмітін жеткізді және Украинаға америкалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қажет екенін атап өтті.
АҚШ-тың Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мүмкіндігі туралы сұраққа Трамп:
"Алдымен келісімге келейік. Қауіпсіздік туралы қазір ойланғым келмейді, алдымен келісім жасаумыз керек", – деп жауап берді.
ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТАН ҮЗІНДІ
“Біз сізге 350 миллиард бердік. Сіз қазір қиын жағдайдасыз. Сіз «мен соғысты тоқтатқым келмейді» деп айта алмайсыз. Біздің қаруымыз болмаса, бұл соғыс бірден аяқталатын еді” – Трамп Зеленскийге.
Трамп пен Зеленский арасындағы дау одан сайын қыза түсті.
- Үш күн ішінде мен мұны Путиннен де естідім, – деді. Зеленский.
Тіпті Трамп өз әдетінше қағытып Зеленскийдің киіміне де тиісті.
– Сізде костюм бар ма өзі?
– Иә, менде бар.
- Кейбір америкалықтар сіздің ресми стильді құрметтемейтініңізге наразы.
Әлем назары дәл қазір Ақ үйде болып тұр.