1 наурызға Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ
Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
Түнде батыста, оңтүстікте, шығыста, күндіз оңтүстікте және шығыста қар жауады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төменгі боран болады. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман күтіледі. Атырауда кей кездері қар жауып, төменгі боран соғады.
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Түнде батыс бөлігінде қар жауады, төменгі боран соғып, көктайғақ күтіледі.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Қарағанды қаласында да тұман күтіледі.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Батыста, солтүстікте және орталықта қар жауады, көктайғақ пен төменгі боран күтіледі. Шығыс пен орталықта тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде батыста 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтауда қар, көктайғақ және төменгі боран күтіледі.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Батыста, солтүстікте тұман күтіледі. Орал қаласында да тұман болады.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Орталықта және оңтүстікте қар жауып, төменгі боран күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні орталық пен оңтүстікте 15-20 м/с жетеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта көктайғақ пен тұман болады. Қызылорда қаласында түнде көктайғақ және кей кездері тұман күтіледі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ
Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта тұман болады.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Батыста және шығыста тұман күтіледі.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Солтүстікте және шығыста төменгі боран болады. Батыста және оңтүстікте тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз солтүстікте, батыста және оңтүстікте 15-20 м/с жетеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Түнде таулы аудандарда қар жауады, көктайғақ пен төменгі боран күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді. Таразда кей кездері тұман болады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда тұман күтіледі. Шымкентте түнде тұман, Түркістанда түнде тұман түседі.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Түнде және таңертең оңтүстікте тұман күтіледі.