×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

«Украинаға әділетті бейбітшілік керек»: Зеленский АҚШ-қа алғыс айтты

Бүгін, 07:00
«Украинаға әділетті бейбітшілік керек»: Зеленский АҚШ-қа алғыс айтты
Ашық дереккөздерден алынды

Президент Владимир Зеленский Х әлеуметтік желісінде қолдау көрсеткені және АҚ үйдегі кездесуге мүмкіндік бергені үшін АҚШ-қа алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Америка, қолдау көрсеткенің және осы кездесу үшін рақмет айтамын. Президент Дональд Трамп, Конгресс және америкалық азаматтар, сіздерге де рақмет. Украинаға әділетті және мызғымас бейбітшілік керек, біз сол үшін тырысып жатырмыз», деп жазды Ураина президенті Владимир Зеленский

АҚШ президенті Трамп Ақ үйде өткен кездесуден кейін әлеуметтік желіде Зеленский «бейбітшілікке дайын емес», «Құрама Штаттарға құрмет көрсетпеді», «бейбітшілікке дайын болған кезде келсін» деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп пен  Украина басшысы Владимир Зеленский арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасау үшін Вашингтонда кездесу өткен болатын.