×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Еліміздің екі ірі қаласында доллар бағамы қалай өзгерді

Бүгін, 15:20
Еліміздің екі ірі қаласында доллар бағамы қалай өзгерді
Ашық дереккөздерден алынды

Бүгін еліміздің екі ірі мегаполисі – Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 497-503 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық банктің 1 наурызға ұсынған ресми бағамына сүйенсек, бір доллар 499,22 теңге мөлшерінде белгіленген. Ал еуроның орташа сараланған құны – 519,14 теңге, Ресей валютасының бағамы – 5,64 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде қазір доллар 501 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 498 теңге. Еуро 519-523 теңге аралығында құбылып тұр.

Астананың ақша айырбастау орындарында долларды 503 теңгеден сатып алып, 497 теңгеден сатып жатыр. Бас қаламыздағы еуроның бағамы 517-524 теңге, Ресей валютасының құны 5,56-5,66 теңге аралығында белгіленген.

Айта кетейік, 28 ақпандағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,82 теңгеге арзандап, 499,09 теңге болған.