×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

"Сотталушыны кіргіземіз": оқушылардың ойыны желіні шулатты

02.03.2025, 09:10
"Сотталушыны кіргіземіз": оқушылардың ойыны желіні шулатты
Шартты сурет

Талдықорған мектептерінің бірінде болған оқушылардың “ойыны” желі қолданушыларын шошытты. Бейнежазбадағы көріністен жұрт жағасын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметті желіде оқушылар ойынының бейнежазбасы тарап кетті. Онда көп бала бір жеткіншекті жан-жақтан итеріп, дәретханаға кіргізіп бара жатқаны көрінеді және “Сотталушыны кіргіземіз!” деген дауыс естіледі. Ары қарай жеткіншекті дәрет алатын жерге (унитаз) отырғызып, екінші біреу шалбарының ауын ағытып жатқан көрініс болады да бейнежазба үзіліп қалады.

Бұл бейнежазбаны балалар Tik-Tok желісіне өздері жүктеген көрінеді. Тексеру кезінде бұл кадрлар Талдықорған қаласының №1 Абай орта мектеп-гимназиясында түсірілгені анықталған.

Жетісу облысының білім басқармасы жағдай ерекше бақылауға алынғанын және оқиға бойынша кешенді тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Сонымен қатар мамандар барлық мектептерде буллингтің алдын алу және психологиялық қолдау көрсету шаралары жүргізілетінін, тәртіптік бақылау күшейтілетінін атап өтті.

Оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, түсіндіру жүргізілді. Тараптардың бір-біріне ешқандай талабы жоқ. Ақпарат шешім қабылдау үшін Талдықорған қаласының полиция басқармасына берілді, - деді Талдықорған қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Ұлжанат Жақұбаева.