×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

“Мейірім өмірді өзгертеді”: Семей футзалшылары кішкентай Әлинұрға сыйлық жасады

02.03.2025, 09:40
“Мейірім өмірді өзгертеді”: Семей футзалшылары кішкентай Әлинұрға сыйлық жасады
Видеодан алынған кадр

“Семей” футбол клубының ойыншылары бұзақылардан зәбір көрген кішкентай Әлинұрды жаттығуға шақырып, сыйлық берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Шыңғыс Есенаманов пен Игита (Леонардо Де Мело Виейра Лейте) бастаған семейлік аяқдопшылар Әлинұрға жаттығу алаңын, киіну бөлмесін көрсетіп, допты қабылдау, пас беру сияқты ойын тәсілдерін үйретті. Олар бірге жаттығу өткізді.

Футзал шеберлері Әлинұрға арнайы тігілген Семей футбол клубының спорттық формасын тарту етті.

Сонымен қатар «Семей» және «Ордабасы» матчының билеттерінен түскен қаражаттың бір бөлігі Әлинұрдың отбасына көмек ретінде берілетіні айтылды.
Нағыз мейірімділік сөздерді қажет етпейді — ол іс-әрекет арқылы көрінеді. Ол шынайы күлімсіреу, қиын кезде көмек қолын созу, алғыс күтпей қолдау көрсету. Біз шын жүректен көмектессек, айналамыздағы әлем жылы болады. Кішкентай мейірімділік біреудің күнін, тіпті бүкіл өмірін өзгертуі мүмкін, - деп жазды hello_semey2 паблигі.