×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

Науқасты құтқару үшін трансшекаралық операция жүргізілді

02.03.2025, 13:21
Науқасты құтқару үшін трансшекаралық операция жүргізілді
Вэй Цзян

Биылғы 27 ақпанда Қытайдың Алтай аймағындағы Жеменей шекара бекетінде миына қан құйылған Қазақстан азаматына көмек көрсету үшін шұғыл трансшекаралық құтқару операциясы іске асырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ауыр халдегі науқасты ажал аузынан аман алып қалу үшін Шыңжаң шекаралық бақылау басқармасына қарасты Жеменей бақылау-өткізу бекетінің қызметкерлері жедел әрекет етіп, дереу трансшекаралық көмек механизмін іске қосты. Арнайы «жасыл дәліз» ашылып, науқас еш кедергісіз медицина мекемесіне жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл – биыл іске асырылған Қытай мен Қазақстан арасындағы үшінші трансшекаралық медициналық құтқару операциясы. Мұндай бірлескен операциялар екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың айқын көрінісі, — деді Жеменей шекара бекетінің кезекші офицері Ху Анси.

Серіктес жаңалықтары