Алматы әлемдегі ауа ең лас 10 қаланың қатарына енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Рейтинг швейцариялық IQAir компаниясының веб-сайтында жарияланды. Аталған ақпарат құралы бүкіл әлемдегі ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылайды.
Бүгінде Қазақстанның оңтүстік астанасы 17 млн-нан астам адам тұратын Мумбайды басып озып, рейтингте тоғызыншы орынға жайғасқан. Алматыда ауаның ластану индексі 140 пунктке дейін жетеді, бұл “сезімтал топтар үшін” өте зиянды.
Естеріңізге сала кетсек, Алатаудың баурайындағы алып шаһар бұған дейін де ауасы ластанған мегаполистердің әлемдік рейтингінде көш басынан табылған.