×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Ұтыс ойынынан 1,5 млрд теңге жинаған белгілі блогер салықшылардың күдігіне ілінді

02.03.2025, 15:51
Ұтыс ойынынан 1,5 млрд теңге жинаған белгілі блогер салықшылардың күдігіне ілінді
Дархан Жолшыбеков

Мемлекеттік кірістер комитеті үйінде ұтыс ойынын өткізіп, 1,5 млрд теңге жинаған және салық төлемеген блогер туралы ақпарат таратты, деп Ulysmedia.kz .

ТОЛЫҒЫРАҚ

МКК жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, қазақстандық блогерлердің бірі үйінде ұтыс ойынын ұйымдастырып, 1,5 млрд теңге жинаған. Блогерге 50 мыңға жуық адам 30 мың теңгеден жіберген.

ДӘЙЕКСӨЗ

Бір блогер үйде 300 млн теңгенің ұтысын жариялаған, оған 50 мың адам 30 мың теңгеден жіберген. Барлығы 1,5 млрд теңге жиналған. Бұл ақшаның 300 миллионын ол осы үйге жұмсады. Ұтысқа кім ие болғанын білмеймін. Блогер 1,2 млрд теңгені қалтасына салып алды, ол ақшаның есебін бермеді. Оған хабарлама жіберілді. Көрейік, қалай жауап берер екен, - деді Дина Құсайынова.

Салық қызметкерлері блогердің аты-жөнін айтпады. Бірақ желі қолданушылары әңгіме былтыр гив ұйымдастырып, үлкен үйді ұтысқа тіккен Дархан Жолшыбеков туралы екенін болжады.

Айта кетейік, Дархан Жолшыбеков бұған дейін интернеттегі сәнді өмірді жиі көрсететін белгілі қазақстандық тұлғалардың қатарынан табылған..

Естеріңізде болса, ақпан айының ортасында қазақстандық блогерлер қомақты сомада салық берешегі туралы хабарлама ала бастады. Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықталды. Артынща Қазнетте мемлекетке қарызы бар делінген белгілі медиа тұлғалардың тізімі пайда болды. Бұған дейін бес блогер салық төлемегені туралы хабарлама алғаннан кейін қазынаға 69 млн теңге төлеген.