×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Украинадағы соғыс: Лондон мен Париж жағдайды реттеуге кірісті

02.03.2025, 15:39
Украинадағы соғыс: Лондон мен Париж жағдайды реттеуге кірісті
Getty Images

Ұлыбритания мен Франция Украинаға арналған бейбіт жоспар әзірлемек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді. Мұндай шешім Зеленский мен Трамптың Ақ үйдегі сәтсіз келіссөздерінен кейін қабылданған.

– Ұлыбритания мен Франция бұл мәселеде ең прогрессивті, сондықтан президент Макрон екеуміз осы жоспармен жұмыс істеймі. Содан кейін оны АҚШ-пен талқылаймыз, - деді Ұлыбритания премьер-министрі.

Естеріңізге салсақ, бүгін Лондонда Украина мәселесін талқылаған саммит өтеді, оған  Еуропаның 18 елінен өкілдер қатысады.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Биылғы 28 ақпанда бүкіл әлем жұрты АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский арасындағы кездесудің немен аяқталғанын тікелей эфирден көрген. Хаттама қызметінің өкілдері мен сол жердегі журналистер Ақ үй қабырғасында бұрын-соңды мұндай кездесу болмағынан айтты.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт АҚШ енді Украинаға әскери көмек көрсетпейтінін айтты. Өйткені Вашингтон бейбіт келіссөздерге басымдық беріп отыр.

Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд америкалық көшбасшы енді Еуропаның одақтасы емес деп мәлімдеді.