×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Алматы әуежайын түріктердің басқаруына беру қате шешім болды – сарапшы

Алматы әуежайын түріктердің басқаруына беру қате шешім болды – сарапшы
Kapital

Қаржы сарапшысы және кәсіпкер Баубек Төреханов алматылық әуежай төңірегіндегі жағдайға қатысты ойын айтып, бастапқыда оны жекеге және түріктің TAV компаниясына сату идеясы қате болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 – Бұл жағдайда бәрі пайда тапты, ал TAV төрт есе пайдаға кенелді. Енді олар тағы да инвестиция құйғысы келіп отыр, бірақ ол үшін тарифтерді көтермек. Ал мұнда әуе бензиніне қатысты бір гәп бар, дейді Төреханов. 

Оның сөзінше, тариф өссе билеттер қымбаттайды, ал бұл қазақстандықтарға әсер етеді. Ал мемлекет мұны өзгерте алмайды, себебі стратегиялық нысан енді шетелдік компанияға тиесілі. 

- TAV үшін Алматы әуежайы табыс көзі болып отыр. Инвестицияны қарыз қаражаты есебінен жасады. Ал Қазақстан болашақта әуежайды басқаруды өз қолына алғысы келетін болса, еліміз тек қарызды қайтарып қана қоймай, инвестицияның да ақшасын қайтаруы керек болады, дейді сарапшы. 

Ал бұл салада жаңа заңдардың енгізілуі халықаралық инвесторлармен арбитраждық талқылауға әкелуі мүмкін.