×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Журналист Шымкентте алаяқтық үшін сотталған экс-судьяның тағы бір былығы туралы айтты

Журналист Шымкентте алаяқтық үшін сотталған экс-судьяның тағы бір былығы туралы айтты
Фото: almaty.tv

Журналист Жұлдыз Төлеу Шымкентте алаяқтық үшін сотталған экс-судьяның тағы бір былығы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ БІР БЫЛЫҚ

Журналист Жұлдыз Төлеу анасына қатысты болған оқиға туралы айтып берген. 

- Мынау суреттегі Шымкент қаласының судьясы Жанат Мүсірәлі алаяқтық бабымен 7,5 жылға сотталыпты. Дәл осы судья еді анамның көз жасын сорғалатып, маңдай термен салынған үйін алаяқтарға шешіп берген. Енді өзі алаяқтық бабымен сотталып отыр. Сотталушының жазасын жеңілдету үшін 110 млн теңге алған дейді. Мұндай ашкөз судьялардың қара халықта қандай ісі болсын!!! Сол себептен бұл шығарған шешімнің бәрін қайта қарау керек деп есептеймін, дейді журналист.

ЭКС-СУДЬЯ ТУРАЛЫ

11 ақпанда Шымкентте бұрынғы судья Жанат Мүсірәлі “алаяқтық” бабымен кінәлі деп танылып, сотталған болатын. Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушылар – адвокат Мұрат Жахаев, Айдар Алтаев және экс-судья Жанат Мүсірәлінің өзі. Экс-судья Жанат Мүсірәліге мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Сотталушы Алтаев танысының әйеліне, оның күйеуіне бас бостандығынан айырмайтын жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген.

Айдар Алтаевтың өтініші бойынша сотталушы Мұрат Жахаев осы сұрақпен соталушы бұрынғы судья Жанат Мүсірәліге хабарласқан. Осыдан кейін, сотталушылар Алтаев пен Жахаев және Мүсірәлініге пара беруші К.-ның сенімін пайдаланып, осы мәселені сылтау етіп, аса ірі мөлшерде К.-ның ақшасын жымқырған.

ДӘЛЕЛДЕР

Сотталушылардың кінәсі Алтаев және Жахаевтың мойындап берген және куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденеді.