Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша ел халқының саны 20 300 618 адам. Қаңтар айында 14 мыңнан астам адамға табиғи өсім тіркелді.
ҚАЛА-АУЫЛ
Қала тұрғындарының саны 12,8 миллион, ал ауыл тұрғындарының саны 7,5 миллион болды.
ЕРЛЕР-ӘЙЕЛДЕР
Гендерлік құрамға келетін болсақ, Қазақстанда 9,9 миллион ер адам, 10,3 миллион әйел адам бар.
Ең тығыз қоныстанған аймақ – Алматы қаласы. Ең аз халық Ұлытау өңірінде тұрады.