×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Ұлттық банк БЖЗҚ портфелі үшін долларды қайта сатып ала бастайды

Бүгін, 18:37
Ұлттық банк БЖЗҚ портфелі үшін долларды қайта сатып ала бастайды
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды, 

ҰЛТТЫҚ БАНК МӘЛІМЕТІ

Қаржыны реттеуші мекеменің ресми мәліметіне сүйенсек, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 40%-ға дейін жеткізілген. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігін шетелдік нарықтарға инвестициялау арқылы әртараптандыру және арттыру мақсатында Ұлттық банк валюталық үлесті шамамен 40% деңгейінде қолдауды жоспарлап отыр. Теңге бағамының нығаюына, сондай-ақ зейнетақы жарналарының түсуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы валюталық үлесі 40%-дан төмен деңгейге дейін төмендеген.

Осыған байланысты Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды. Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды, – делінген мәліметте.

Валютаны сатып алу нарықтық конъюнктураға байланысты іске асырылады. Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде ұзақмерзімді кезеңде нақты кірістілікті алуды және оның сақталуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстайтынын хабарлайды.