×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

«Домашняя әйел болдым»: Ерке Есмахан жан сырымен бөлісті

Бүгін, 23:55
«Домашняя әйел болдым»: Ерке Есмахан жан сырымен бөлісті
Әлеуметтік желіден

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында әзіл-шыны аралас пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ДОМАШНЯЯ ӘЙЕЛ» БОЛДЫМ

Әнші «Әйелдің бақыты отбасы» әнін жиі орындай бергендіктен, өзін «домашняя әйел» сезіне бастағанын айтты. 

«Әйелдің бақыты отбасы» деген әнді көп айтып қойғаным сонша, таза «домашняя әйел» болдым», — деп жазды Ерке Есмахан. 

Әнші осы сөзінің аффирмацияға айналғанын айтып, жақсы сөздің өмірге оң әсер ететініне назар аударды. 

«Айтқан сөз аффирмация» деген осы ғой. Шүкір! Сол үшін жақсы сөзге жақын болайық, ол біздің өмірімізге айналады», — дейді ол. 

ОҚЫРМАННАН ИДЕЯ СҰРАҒАН ЕСМАХАН

Сонымен қатар, Ерке Есмахан жақында ана атанғаннан кейін жаңа ән жазуды жоспарлап отырғанын да жасырмады. Әнші тыңдармандарынан идея сұрап, болашақ әнге «күшті сөздер» ұсынуды өтінді. 

«Босанып алған соң жаңа ән жазу керек болды. Қандай варианттар бар? Тағы көтеріп қоймай ән айтуға чтобы. Новый сөздер ұсыныңыздар», — деп әзілдейді Ерке. 

Әншінің бұл жазбасы оқырмандар арасында қызу талқыланып, жылы лебіздер мен түрлі ұсыныстарға толы пікірлер қалдырылды. Желі қолданушылары Еркенің әзілге толы жазбасын жоғары бағалап, жаңа әніне қызығушылық білдіруде. 

ЕРКЕ ЕСМАХАН

Ерке Есмахан — қазақстандық танымал әнші, көптеген хит әндердің орындаушысы. Оның репертуарында «Қайда?», «Аэропорт», «Әйелдің бақыты отбасы» сынды танымал әндер бар. Әлеуметтік желіде де белсенді, тыңдармандарымен жиі байланыс орнатып, жаңалықтарымен бөлісіп тұрады.