×
499.11
521.12
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.11
521.12
5.58

Мас күйде көлік айдап ұсталған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Мас күйде көлік айдап ұсталған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz

Ақтауда мас күйде көлік айдап ұсталған шенеунік Әсет Шопанов жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ 

Тағайындау туралы Ақтау қаласы әкімдігі хабарлады. Шопанов еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2018 - 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2020 - 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 - 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, былтыр мамырда Әсет Шопанов мас күйде көлік айдап, ұсталған. Ол кезде Шопанов Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болған. Сот шенеунікті әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған. 

Шопанов 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.