Қызметтегі әкелі-балалы Қарағойшиндердің жұмысында мүдделер қайшылығы болмай ма? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі "Бәйтерек" холдингінің басшысы Рустам Қарағойшинге қойды.
ХОЛДИНГ БАСШЫСЫ НЕ ДЕЙДІ
“Сіздің жұмысыңыздың бір бөлігі құрылыспен байланысты. Ал сіздің әкеңіз құрылысқа тікелей қатысты Мемлекеттік сараптама мекемесін басқарады. Бұл жерде мүдделер қайшылығы туындамай ма?” деп сұралды Рустем Қарағойшиннен.
Бұл сұраққа жауап берген холдинг басшысы мүдделер қақтығысы болмайтынын айтады.
Неге десеңіз, біз қаржы саласында жұмыс істейтін холдингпіз. Отбасы банк несие береді. Ол жерде екі мемлекеттік мекеменің бір-біріне қатысы жоқ. Ал тұрғын үй компаниясын алсаңыз, ол облигациялармен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл жерде бізде бір-біріміздің жұмысымызға кедергі жоқ, – дейді Қарағойшин.
ҚАРАҒОЙШИНДЕР ЖАЙЛЫ
«Бәйтерек» ұлттық холдингі басшысының орынбасары болып келген 40 жастағы Рустам Қарағойшин былтыр бұрынғы бастығының орнын басқан еді. «Бәйтерек» ҰБХ министрлік болмаса, да бұл құрылымның міндеті қаржы министріне жүктелген жауапкершіліктен бір мысқал да кем емес. Өйткені «Бәйтерек» және оның еншілес компаниялары арқылы барлық негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар қаржыландырылады. Осынша ауқымды ресурсты енді кім басқарады, бұл жайында Ulysmedia.kz зерттеп көрген еді.
Рустам Қарағойшиннің әкесі Тимур Қарағойшин былтырға дейін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметін атқарған. Қазір Мемлекеттік сараптама мекемесін басқарады.