×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

04.03.2025, 16:33
Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты
Ulysmedia коллажы

Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол-көлік оқиғасы Ұлы Дала көшесінде болған. Соқтығыстың салдарынан автобустың алдыңғы бөлігіне зақым келген. Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз.

Ulysmedia.kz тілшісі қалалық қоғамдық көлік қызметіне жауапты CTS компаниясына хабарласып, ақпарат сұраған. Алайда ол компанияның баспасөз қызметі полиция департаментінсіз түсініктеме берілмейтінін хабарлады. Ал полиция департаменті оқиғаның мән-жайы жөнінде кейінірек ақпарат берілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары