Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қостанай академиясының тыңдаушысы боылп шыққан дөрекі жүргізуші қалай жалазанғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бейнежазбаға түсіп қалған жүргізуші (ред. ескертпесі) магистратура тыңдаушысы болған. Оны кеше оқудан шығарды, ал бүгін, менің білуімше, жұмыстан босатты, – деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, дауға айналған видеода жол талғамайтын көлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкеріне көлігінің нөмірін есте сақтауды айтқан. Журналистер бұл адамды ішкі істер органдарының қызметкерлері “қорғаштады ма?” деп сұраған еді.
Тексереміз. Егер ондайлар анықталса, тиісті шара қолданамыз, – деді ІІМ басшысының орынбасары.
Жүргізушіге қатысты оқиға
Жақында әлеуметтік желілерде Қостанай облысында патрульдік полицей мен “Лексус” жүргізушісі арасындағы сөзталас түсірілген видео тарады. Бейнежазбада жүргізуші полиция қызметкерімен дөрекі сөйлесіп, көлігінің нөмірін есте сақтауды талап етеді, сондай-ақ 11 жыл бойы жол полициясында қызмет еткенін мәлімдейді.