×
505.15
550.31
5.89
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.15
550.31
5.89

Дайрабаев "Ауыл" партиясынан неге кеткенін түсіндірді

Дайрабаев "Ауыл" партиясынан неге кеткенін түсіндірді
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев неліктен "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДАЙРАБАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Жигули Дайрабаев оның партиядан кетуі мәжілісте айтқан депутаттық сауалымен байланысты емес екенін айтты. 

- Партияға жастар келіп жатыр. Ол депутаттық сауалыммен байланысты емес, деп қысқа қайырды Дайрабаев. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 28 ақпанда "Ауыл" партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары қызметінен босату туралы бірауыздан шешім қабылданды. 

Жигули Дайрабаев – мәжіліс депутаты, аграрлық саланың маманы.

Қысқаша өмірбаяны:
2023 жылдан бастап – «Ауыл» партиясы атынан мәжілістің VIII шақырылымының депутаты.
2022 жылы – Қазақстан президенттігіне кандидат.
2021 жылы – жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары.
2015 жылдан бастап – Қазақстан фермерлер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, 2019 жылдан бастап – Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені комитетін басқарған.

Дайрабаев ауыл шаруашылығы мен жер реформасы саласындағы қызметімен танымал.

МӘЖІЛІСТЕ НЕ ДЕДІ

Мәжілістің осы аптадағы отырысында Дайрабаев Жигули Дайрабаев Солтүстік Қазақстанға барып, басқа мемлекетте жүргендей сезінгенін айтқан еді. Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Жигули Дайрабаев тіл мәселесін көтерді.