×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

Жедел жәрдемге тез хабарласу үшін не істеу керек

05.03.2025, 20:35
Жедел жәрдемге тез хабарласу үшін не істеу керек
Ulysmedia.kz\ЖИ

Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл жәрдем қызметіне балама байланыс арналары жөнінде мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта азаматтардан "103" диспетчерлік қызметімен байланыса алмағандығын айтқан шағымдар түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛМАТЫДАҒЫ БАЙЛАНЫС ҮЗІЛІСІНІҢ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ

2025 жылдың 3 наурызында Алматы қаласында сағат 23:40-тан 00:00-ге дейін (20 минут бойы) "103" желісінде орын алған байланыс үзілістен соң техникалық сараптама жүргізілген. Қоңырау шала алмаудың себебі байланыс операторы тарапынан E1-ағынының дұрыс жұмыс істемеуі болған.

Қазіргі уақытта телефон байланысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫСҚА ҚАТЫСТЫ  ҚИЫНДЫҚТАР

Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының хабарлауынша, "103" нөміріне қоңырау шалу кезінде байланыс үзілуіне ұялы байланыс операторының қызметіндегі ақаулар себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, кейбір ұялы телефон үлгілері шұғыл қызметтермен байланысты қолдамауы ықтимал.

ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ҮШІН ҚОСЫМША ПРЕФИКС ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

Сонымен қатар, "103" нөміріне қоңырау шалу кезінде 9 префиксін қосып теру керектігі атап өтілді.